“Каспий” клубы Ресейлік футболшыға бір жыл бойы жалақы төлемеген

17.05.2025, 20:40

Қазіргі таңда Қырғызстанның "Нефтчи" клубында өнер көрсетіп жүрген Ресейлік қақпашы Алексей Козлов кәсіби мансабындағы ең ауыр кезеңдердің бірі туралы айтып берді. Оның сөзінше, 2022 жылы Қазақстанның "Каспий" және Беларусьтің "Минск" клубтарында тұтас бір жыл бойы ешқандай жалақы алмаған.

“Каспий” клубы Ресейлік футболшыға бір жыл бойы жалақы төлемеген

"Шілде айының ортасынан қарашаға дейін Қазақстанда бір тиын да алған жоқпын. Беларусьтегі кезеңді қоса есептегенде, тұтас бір жыл бойы тегін ойнадым. "Минск" пен "Каспий” маған тек қарыз қағаздарын ғана берді. Қолымда сол екі қағазбен үйге оралдым. Бір жыл бойы футболға деген махаббатпен, үмітпен ғана ойнадым. Армандарымнан бас тартпадым, күрестім. Қазір бәрі біртіндеп қалыпқа келіп жатыр.

Бюджет қайда кететіні белгісіз. Маған айтуларынша, клуб басшылығынан кейбір адамдар тұтқындалған. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

"Минск” клубы жалақымды сот арқылы өтеді. Ал "Каспийге” келсек, мен күн сайын бухгалтерге қоңырау шалып, есептеп беруін өтіндім. "Каспий” ойыншыларының ішінде ФИФА-ға арыз түсірмеген жалғыз мен болдым. Ақырында екі клуб та қарыздарын өтеді, бірақ тек келесі жылдың жазына қарай. Әрине, ақша көп болмады, бірақ мен мүлде ала алмай қалам ба деп қорықтым.

Командада жалақы төленбесе, ойыншылар жұмыс істеуден қалады. Әсіресе легионерлер үшін бұл өте қиын жағдай.”  – деді Козлов Championat.com сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×