«Астана» клубы жастарға сенім артады

05.01.2021, 21:24
«Астана» ФК-ның атқарушы директоры Давид Лория команданың алдағы жоспарлары туралы айтып берді және маусымнан қандай нәтиже күтетіні жайлы өз ойымен бөлісті.
«Астана» клубы жастарға сенім артады

- Қаңтар - маусымаралық кезең. Алғашқы оқу-жаттығу жиындарының уақыты мен орны белгілі ме?

- Иә, алғашқы оқу-жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда өтеді. Біз 15 қаңтарда жұмысқа кірісеміз деп жоспарлап отырмыз. Бапкерлер құрамы ойыншылардың дайындығын бағалау үшін түрлі сынақтар өткізбек.

Егер қалада карантиндік шаралар әлсіресе, онда біз бірнеше жаттығу сабақтарын жанкүйерлер үшін ашық өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, олардың команданы бір жылдан астам уақыт көрмегенін жақсы түсінеміз.

- Жаңадан келгендердің есімдері бұрыннан белгілі ме?

- Андрей Валерийұлы Тихонов ең алдымен біздің ойыншыларды жаттығу барысында байқап көргісі келеді. Жігіттер команда сапына қосылу үшін мүмкіндік алуы керек. Сондықтан жаттығу процесіне көптеген жас ойыншылар қатысады. Іріктеу жұмыстары да тоқтаусыз жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңадан келетін аяқдопшылар да болады. Бірақ бұл мәселе бас бапкер жастардың дайындығын бағалағаннан кейін ғана шешімін табады.

- Алдағы маусымда жанкүйерлер «Астанадан» қандай нәтиже күтсе болады?

- Әрине, команда жаңалықтарды күтеді. Алайда, чемпионат біз үшін қызықты әрі қиын болатынына сенімдімін. Өткен жыл клуб үшін өте ауырға соқты. Бірқатар мәселелер мен қиындықтар анықталды. Біз ол мәселелердің шешімін табу үшін жұмыс істеуіміз керек.

- Сұқбатыңызға рахмет!

Фк "Астана" баспасөзі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×