Оралхан Өміртаев ұлды болды

05.01.2021, 21:19
Шабуылшы биыл «Тобылдың» негізгі шабуылшысы бола алған жоқ.
Оралхан Өміртаев ұлды болды

Қазақстан жастар құрамасы мен "Тобыл" футбол клубының шабуылшысы Оралхан Өміртаев ұлды болды. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Өміртаев өткен маусымда Премьер-лиганың 13 матчына қатысып, бір гол соқты. Ал оның командасы чемпионатта екінші орынға ие болып, осы жылы Конференция лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар Оралхан Өміртаев Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-21) тарихындағы ең үздік бомбардир болып табылады.

Еупопа чампионатының іріктеу кезеңінде "Тобылдың" 22 жастағы шабуылшысы Солтүстік Македония (2 гол), Израиль және Фарер аралдарына гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×