«Астана» клубына жаңа директор тағайындалды

05.06.2021, 16:46
Давид Лория атқарушы директор қызметінен бас директор қызметіне көтерілді.
«Астана» клубына жаңа директор тағайындалды

"Астана" клубында бас директордың міндетін атқарушы лауазымына Лория Давид Григорьевич тағайындалды. Ол елордалық клубта 2020 жылдан бастап атқарушы директор қызметін атқарып келген болатын.

Күні кеше Гурман Михаил Ильичтің денсаулығына байланысты "Астана" футбол клубының бас директоры қызметін босатқаны белгілі болған еді. 

Ал "Гол емес" телеграм-арнасының мәліметінше, атқарушы директор болып қызмет атқарған Давид Лорияның орнына Бағлан Ергешов отырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×