Қазақстан құрамасы сырт алаңда өткен жолдастық кездесуде Солтүстік Македониядан оңбай ұтылды

05.06.2021, 05:00
Еліміздің басты командасы қарсыластарынан жауапсыз 4 гол жіберді.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда өткен жолдастық кездесуде Солтүстік Македониядан оңбай ұтылды

Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македониямен болған жолдастық кездесуде оңбай ұтылды. Матч Скопьедегі "Тоше Проески" стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 35-минутында Абзал Бейсебеков айып алаңында Элиф Элмасқа қарсы ойын ережесін бұзғандықтан, қақпамызға пенальти белгіленді. Эзджан Алиоски бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, матчтағы алғашқы голды соқты. Ал бірінші таймның қосымша уақытында Серікжан Мужиков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 57-минутта Иван Тричковски, 74 минутта Милан Ристовски, ал 76 минутта Дарко Чурлинов Қазақстан қақпасының осал тұсын тапты.

Солтүстік Македония: Димитревски (қ), Ристевски, Муслиу, Ристовски С. (Бейтуляй, 81), Спировски, Алиоски, Николов (Велкоски, 81), Эльмас (Трайковски, 73), Костадинов (Чурлинов, 73), Тричковски (Ристовски М.), Пандев (к) (Аврамовски, 62)

Қазақстан: Покатилов (қ) (Сейсен, 46), Валиуллин (Сүйімбаев, 46), Бейсебеков (Қасым, 73), Малый, Марочкин, Тапалов (Габышев, 83), Қуат, Тағыберген, Мужиков, Нұрғалиев (к) (Байтана, 72), Щеткин (Муртазаев, 46)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×