«Астана» көш басында, 2-орында...

25.06.2011, 21:22
«Астана» көш басында, 2-орында...
[caption id="attachment_3356" align="alignleft" width="600" caption="Қостанайлық команданы күтуде"][/caption] Бүгін кешкілік Қазақстанның алты қаласында премер –лиганың 17 –тур ойындары болмақ.Көш бастап келе жатқан «Астана» тізгінді әзірге ешкімге бергісі жоқ. Осы турдан соң да еш өзгеріссіз қалатынға ұқсайды кестенің жоғарғы бөлігі. Өскеменге қонаққа баратын астаналықтар 3 ұпайсыз қайтады дегенге сену қиын.   Нұрбол бастаған жігіттермен салыстырғанда «Шахтер» мен «Жетісудың» жағдайы қыйындау. Қарағандылықтар өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаса жетісулық шеберлер сырт алаңда «Атыраумен» күш сынасады. Әр елдің чемпионатында күтпеген ойын көрсететін, азулылардан айласын асырып , әлсіздерден әупірімдеп жүріп жалғыз ұпай ұстанатын команда кездесіп жатады. Біздіңше Қазақстан біріншілігіндегі сондай «тұрақсыз» команда-«ОРДАБАСЫ». Сондықтан да «кеншілерге» сақ болмаса үш ұпай тұрмақ бір ұпайға зар боп қалуы әбден мүмкін. Шымкентте болған ойында ұлттық құраманың қорғаушысы Мұхтар Мұхтаровтың соққан голы арқасында Оңтүстік Қазақстандық команда жеңіске жеткені естеріңізде болар. «Шахтер», «Ертіс», «Ақтөбені» қатарынан ұтқан «Жетісу» «Атыраудан» да айламызды асырсақ дейді. Оған оңайлықпен көнетін батыстықтар ма ? Ондай болса турдың тартысты кездесуі Атырауда. Алғшқы айналымда 2-0 есебімен талдықорғандықтардың мерейі үстем болған. Екі ойын қатарына ұтылған «Ақтөбе» ашуға булығып отыр. Өткен турдағы «Астана-Аренадағы» қойылымға ұқсас ойын көріп жатсаңыз таң қалмаңыз. Тараздық жігіттерге СӘТТІЛІК!!! Қос ұжым арасындағы алғашқы ойын 9-сәуір күні 0-2 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына шешілген. «Қайсар» «Ертіске» қарсылық көрсетпек. Көш соңындағы команда өз алаңында аянып қалмасы анық. Шама- шарқы жете ма жоқ па кешке білетін боламыз. Керекудегі кездесуде үш доп айырмасымен Талғат Байсуфинов командасы жеңіске жеткен. Таблода 4-1 есебі тіркелген. Алматылық жанкүйерлер «Қайрат» пен «Тобыл» кездесуін күтуде. Қос команда да бапкер ауыстыруды жөн көріп бірі ресейлік бірі ағылшындық маманға сенім артқан. Қостанайға Сергей Петренко келгелі команданың ойыны жанданғаны жасырын емес. Қарағандыда ұтылды демесеңіз басқа ойындардан ұпайы түгел. «Қайратты» бастап шыққан Джон Грегори туралы бұлай айта алмайсыз. Алматыға келген күнінен бастап алып-қашпа әнгіменің ортасында қалған атақ даңқы дардай бапкерден енді нәтиже күтеміз. Мүмкін ол нәтиже бүгін болып қалар. Қостанайда 2 команда жабылып жүріп 4 гол соғып,»Тобыл» жеңіске жеткен. «Қайрат» қарымта қайтарып қалар... Қайдам... Алматының орталық алаңына асығыңыздар алтыда.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×