Елордалық «Астана» «Каспийдің» қорғаушысы Мақсат Тайкеновпен келісім-шарт жасасуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
24 жастағы футболшы «Астананың» трансферлік тізіміне енгенімен, елордалық клуб ойыншыны алмайтынын мәлімдеді.
«Астана» бұл позицияға басқа ойыншыларды қарастырып көргісі келеді, сонымен қатар сол қапталда өнер көрсететін қорғаушы Сағи Совет күні кеше клубпен келісім-шартын ұзартқан болатын.
Мақсат Тайкенов соңғы бірнеше маусым бойы «Каспийдің» намысын қорғады. Ол өткен жылы Қазақстан құрамасында дебют жасап, команда сапында төрт матч өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET