Әлібек Қасым «Қызыл-Жардан» кетті

13.01.2022, 16:40
Футболшының қай командаға ауысатыны да белгілі болды.
Әлібек Қасым «Қызыл-Жардан» кетті

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 23 жастағы қорғаушы Әлібек Қасымның командадан кететінін хабарлады.

Жақында берген сұхбатында Қасым петропавлдық клубпен келісім-шарты тағы бір маусымға жарамды екенін айтқан болатын. Жақында ғана қазақстандық қорғаушының «Ақтөбеге» ауысатыны жайлы ақпараттар тараған еді. Футболшыға молдовалық «Шериф» пен ресейлік «Химки» де қызығушылық танытты.

Әлібек Қасым «Қызыл-Жар» сапында 2019 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетті. Содан бері ол клуб жейдесінде 57 матч өткізіп, 10 гол соқты (оның 8-і өткен маусымда).

Өткен жылы Қасым Қазақстан құрамасында Тәжікстанмен болған жолдастық кездесуде (1:0) дебют жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×