«Қызыл-Жар» тағы үш футболшының командадан кеткенін хабарлады

13.01.2022, 17:15
Екі футболшыға Премьер-лиганың басқа клубтары көз тігіп отыр.
«Қызыл-Жар» тағы үш футболшының командадан кеткенін хабарлады

Петропавлдық «Қызыл-Жар» Дарко Зорич, Алтынбек Сапаров және Нұрлан Дайыровтың командадан кететінін мәлімдеді.

28 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич өткен маусымда команданың көшбасшысына айналған еді. 20 матч өткізіп, 7 гол мен 3 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Жартылай қорғаушы Алтынбек Сапаров петропавлдық клуб жейдесінде 20 матчқа қатысты. 26 жастағы футболшы «Атыраудың» ОЖЖ-на шақырту алған екен.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрлан Дайыров өткен маусымды «Тұранда» (2 матч) бастаған еді. Кейін «Қызыл-Жарға» (21 ойын) ауысу туралы шешім қабылдады. Футболшыға «Каспий» мен «Атырау» клубтары қызығушылық танытуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×