«Астана» мен «Арис» арасындағы матч көрерменсіз өтеді

21.07.2021, 15:41
Карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы 17 шілдеден бастап күшіне енді.
«Астана» мен «Арис» арасындағы матч көрерменсіз өтеді

Елордада 2021 жылғы 14 шілдедегі шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.С. Бейсенованың №23 қаулысының қорытындысы бойынша көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Қаулы 17 шілдеден бастап күшіне енді.

Осылайша, 2021 жылдың 22 шілдесінде өтетін УЕФА Конференция лигасының екінші турындағы матч көрермендерсіз өтеді.

Клуб ұжымы мен негізгі команданың бұл жаңалықты естіп көңілдері түсті. "Астана" ФК жанкүйерлердің алдағы матчқа қатысуы үшін бар күшін салды, бірақ қазіргі уақытта қаладағы эпидемиологиялық жағдай көрермендердің қатысуымен матч өткізуге мүмкіндік бермейді, себебі адамдардың денсаулығы бәрінен де жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×