Магомед Адиев командасымен бірге Румынияға аттанған жоқ

21.07.2021, 04:24
Ресейлік маман «Қызыл-Жармен» өткен ойынға да келмеген еді.
Магомед Адиев командасымен бірге Румынияға аттанған жоқ

"Шахтер" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Стяуамен" ойнау үшін чартерлік рейспен Бухарестке аттанды.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, "Шахтердың" бас бапкері Магомед Адиев командамен бірге Румыния астанасына ұшқан жоқ. Оны алдағы матчта көмекшісі Андрей Финонченко алмастырады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Адиев "Қызыл-Жарға" қарсы өткен кубоктік матчта да (3:2) бапкерлер құрамында болмаған еді. Себебі, ресейлік маман ойынның алдында ауырып қалды. Содан кейін команданы ол матчқа Андрей Финонченко бас бапкер ретінде алып шықты. Қарағандылық клубтың тәлімгері коронавирус жұқтырып алуы мүмкін деген күдік бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×