Кирилл Кекер: «Өткен кездесулердің бұл текетіреске еш қатысы жоқ»

21.07.2021, 04:12
Матч ертең, 21 шілде күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Кирилл Кекер: «Өткен кездесулердің бұл текетіреске еш қатысы жоқ»

«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер алдағы «Црвена Звездаға» қарсы өтетін ойын жайлы пікірімен бөлісті:

— Бұл Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі, сол себепті тек жоғары деңгейді күтемін. Біз қос команданың бұрындары кездескенін білеміз, алайда өткен кездесулердің бұл текетіреске еш қатысы жоқ.

— Жоаоның жағдайы қалай? Біз оны ертеңгі ойында көре аламыз ба?

— Өкінішке орай, Жоао жарақат алып қалды және қазір қалыпқа келу үстінде. Ойыншы жеке жаттығумен айналысуда. Оның тезірек сауығуын күтеміз.

— Өткен апта бойы клуб стадионға жанкүйерлердің кіруі жөніндегі мәселені шешті...

— Әлбетте, біз трибуналарда жанкүйерлердің болатынына қуаныштымыз, олар біз үшін өте маңызды. Олардың қолдауы мен күш-қуаты «Маккабиге» қарсы ойында қатты сезілді. Ертеңгі ойында да көрермендердің аздығына қарамастан, қолдау бұрынғыдай болады деп үміттенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×