Рикардо Алвеш: «Мен өз елім мен өзім ойнайтын клубтың абыройын асқақтату үшін көп жұмыс жасап, нәтиже көрсетуім керек»

21.07.2021, 04:02
Алвеш алматылық клуб тарихындағы алғашқы португалиялық футболшы екен.
Рикардо Алвеш: «Мен өз елім мен өзім ойнайтын клубтың абыройын асқақтату үшін көп жұмыс жасап, нәтиже көрсетуім керек»

«Қайраттың» жаңа жартылай қорғаушысы Рикардо Алвеш өзінің клубтағы алғашқы күндері туралы айтып берді:

- Рикардо, «Қайрат» клубындағы алғашқы әсеріңіз туралы айтып берсеңіз?

- Мені мұнда алғашқы күннен-ақ өте жақсы қабылдады. Мен Қазақстанның ең үлкен клубына ауысқаныма өте қуаныштымын және бұл менің мансабымдағы үлкен қадам. Сондай-ақ олар менің командадағы алғашқы португалиялық ойыншы екенімді айтты, бұл үшін мен өзімді мақтан тұтамын Енді мен өз елім мен өзім ойнайтын клубтың абыройын асқақтату үшін көп жұмыс жасап, нәтиже көрсетуім керек.

- Сіз РПЛ-де ойнадыңыз. Біздің чемпионатпен ұқсастықтары бар ма?

- Осы уақытқа дейін мен Қазақстан чемпионатында бірде-бір матч өткізбедім, бірақ менің байқауымша, чемпионаттар арасында ұқсастықтар бар сияқты. Менің ойымша, бір айырмашылық - Ресейде Қазақстанға қарағанда жақсы стадиондар көп. Бұл жерде мен біздің стадионды және басқа бірнеше команданың стадиондарын бөліп көрсете аламын.

- Сіз Ресейде ойнаған кезде орыс тілін үйрене алдыңыз ба? Мүмкін, бұл бейімделуге көмектесетін шығар.

- Иә, бұл көп көмектеседі. Мен орыс тілінде өте аз сөйлеймін, бірақ олардың маған не айтатынын түсінемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×