«Тоттенхэм» мен «Севилья» ойыншы алмастырмақ

21.07.2021, 00:30
«Тоттенхэм» ойыншыдан бөлек, ақша қосып береді.
«Тоттенхэм» мен «Севилья» ойыншы алмастырмақ

"Тоттенхэм" мен "Севилья" ойыншы алмастыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Италиялық журналисттің хабарлауынша, 29 жастағы аргентиналық футболшы Эрик Ламела - "Севильяға", ал 20 жастағы испаниялық шабуылшы Брайан Хиль - "Тоттенхэмге" ауысатын болады. Жақын арада қос клуб бір мәмілеге келуі керек. "Севилья" өз футболшысы үшін лондондық клубтан (Ламеладан бөлек) 25 миллион еуро алады деп жоспарлануда.

Ламела өткен маусымда "Тоттенхэм" жейдесінде 33 матч өткізіп, 3 гол соқты. Ал Хиль өткен маусымда "Эйбар" клубында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Жалпы 28 матчқа қатысып, 4 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×