Маки Баньяк: «Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту үшін күресеміз»

20.07.2021, 20:10
Баньяк ертең өтетін ойынға қатыспайды.
Маки Баньяк: «Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту үшін күресеміз»

"Қайраттың" жаңа ойыншысы Маки Баньяк клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында дебюттік матчы, командаға бейімделу және "Црвена Звезда" командасы туралы айтты:

- Маки, сіз "Қайрат" сапында бір ойын өткіздік. Бұл матчқа қандай баға бересіз?

- Менің ойымша, матч жақсы өтті, өйткені менде көптен бері ойын практикасы болмады. Менде Қайрат" жейдесін киіп, командаластарыма көмектесуге деген үлкен ниет болды. Өкінішке орай, ойынның нәтижесі біз күткендей болмады. Бірақ, біз дұрыс қорытынды жасадық және алға қарай жылжуға дайынбыз.

- Сізге командаға бейімделу үшін кім көмектесуде және біздің қаламыз сізге ұнады ма?

- Мен аз ғана уақыт ішінде мұның әдемі қала екенін түсіндім. Мұнда сіз адамдардың мейірімділігін сезіне аласыз және бұл өзіңізді үйдегідей сезінуге көмектеседі. Менің бейімделуіме барлық командаластарым, бапкерлер штабы және жалпы клуб үлес қосуда. Мен бұл үшін өте ризамын! Мен команданың әкімшісі Викторға кішігірім мәселелерді шешуде көмектескені үшін ерекше алғыс білдіргім келеді.

- Алдыңғы клубыңыз сербиялық "Партизан" болған. Ал "Қайрат" сіз өнер көрсеткен Сербия чемпионы - "Црвена Звездаға" қарсы ойнайды. Алдағы қарсылас туралы не айта аласыз?

- Біз Чемпиондар лигасында өз жолымызды жалғастырғымыз келеді және бұл біз үшін өте маңызды матч. Олар өзіндік ойын мәнері бар команда, оларда матч тағдырын кез-келген уақытта өзгерте алатын ойыншылар бар. Бізде де үлкен тәжірибесі бар сапалы ойыншылар жетерлік, сондықтан біз келесі кезеңге өту үшін күресеміз. Барлығы тек өзімізге байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×