Жозе Моуринью жаттығу процесіне әуеден түсіретін камераларды пайдалануда

20.07.2021, 19:52
Жозе Моуринью өзінің ерекше тәсілдерімен футбол әлемін таң қалдыруда.
Жозе Моуринью жаттығу процесіне әуеден түсіретін камераларды пайдалануда

"Романың" бас бапкері Жозе Моуринью жаңа командасында жаттығуға көп көңіл бөлуде. Ол жаңа тәсіл ойлап тапты десек те болады. Жозе командалық жаттығу кезінде дрондарды қолдануда. Жаттықтырушы бұл технология футболшыларға бар назарын жаттығуға аударуға және өз қателіктерін байқауға көмектеседі дейді.


Алаң жиегінде ойыншылар өздерін тікелей эфирде көре алатындай етіп үлкен экрандар орнатылған. Бұл әдіс матчтарды талдауға көп уақыт жұмсамауға және әр жаттығудағы ұсақ-түйек нәрсені талдауға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×