Чехиялық бапкер Мирослав Беранек Қазақстанға келді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 64 жастағы маман Нұр-Сұлтандағы Футбол үйінде болып қайтқан екен.
Дереккөздің хабарлауынша, Қазақстанға Беранек жұмыс мәселесі бойынша келген.
Айта кетейік, Мирослав Беранек 2011 жылдың ақпанынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 24 кездесу өткізіп, 5 рет жеңіске жетті, 6 матчта тең түсіп, 13 рет жеңіліс тапқан.
2012 жылдың сәуірінен 2013 жылдың шілдесіне дейін Беранек Қазақстан құрамасындағы жұмысымен қатар «Астана» клубын жаттықтырды. Еуропа лигасында болгариялық «Ботевтен» оңбай (0:5) жеңілген соң елордалық клубтан кетті. Оның жетекшілігімен «Астана» 2012 жылы ел кубогін жеңіп алды.
Қазақстаннан кеткеннен кейін Беранек «Славияны» тізгіндеді. Бірақ маусым аяқталғаннан кейін прагалық клубтан кетіп, содан бері жұмыссыз жүр.
Біздің серіктес: FONBET