Елдос Ахметов: «Қайраттан» ұпай алу командаға сенімділік сыйлайды»

20.03.2022, 21:09
Жамбылдық клуб бұл маусымда әлі жеңілген жоқ.
Елдос Ахметов: «Қайраттан» ұпай алу командаға сенімділік сыйлайды»

«Тараз» қорғаушысы Елдос Ахметов алматылық «Қайратпен» өткен матч (1:1) туралы пікір білдірді:

- «Қайрат» жыл сайын жүлделі орыннан көрініп келе жатқан әрі еліміздің бетке ұстар футбол ұжымдарының бірі. Мұндай командаға қарсы ойынға кез келген футболшы жақсы дайындықпен шығуға тырысады.

Бірінші боп гол жіберу әрине психологиялық тұрғыда оңай емес. Бірақ команда босаңсымай, қарымта қайтаруға ұмтылды. Және ол өз нәтижесін берді. Чемпионатта әзірге гол жібермей келе жатқан «Қайрат» қақпасынан саңылау табу әрі сырт алаңда мұндай командаға қарсы ойыннан ұпай алу әрине қуантады. Сондай-ақ команданың алға ұмтылуына мотивация әрі сенімді ойнауға жол ашады деп есептеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×