Елордалық “Астана” жартылай қорғаушысы және Босния және Герцеговина құрамасының жұлдызы Иван Башич Канадаға қарсы өткен матчта (1:1) таңғажайып шеберлік көрсетіп, сарапшыларды аузына қаратты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Әлемдік футболдың ең беделді аналитикалық порталдарының бірі саналатын WhoScored.com бұл тартысты кездесуден кейін футболшылардың өнеріне сараптама жасап, Иван Башичтің ойынына жоғары баға берді.
Башич өзінің алаңдағы асқан шеберлігі үшін 7,5 балл деген өте үлкен баға алды. Оның бұл көрсеткіші бүкіл Босния құрамасында тек төрт-ақ ойыншыдан кем.
"Астананың” мақтанышы матч барысында тура 4 бірдей ең маңызды, шешуші пас беріп, бұл көрсеткіш бойынша екі команданың ішінде де кездесудің көшбасшысы атанды.
Айта кетейік, бұл тартысты ойынның ең үздік футболшысы болып Башичтің құрамадағы серіктесі Никола Катич танылды.
24 жастағы Иван Башич Қазақстан Премьер лигасынан Әлем чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсеткен тарихтағы алғашқы ойыншы.
Талантты футболшы елордалық “Астанаға” өткен жылдың жазында Ресейлік “Орынбор” клубынан ауысып келген болатын.