"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында "Астана" клубын қабылдады. Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесуде елордалық команда 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойындағы алғашқы голды 19-минутта Абат Айымбетов соқты. Араға үш минут салып Еркебұлан Тұңғышбаев "Астана" қақпасына жауапты голды тоғытты. 52-минутта Тигран Барсегян пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Ал 60-минутта Абат Айымбетов қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланып, дубль авторы атанды. Матчтың нүктесін 78-минутта Марин Томасов қойды.
Бұл жеңістен кейін Андрей Тихонов шәкірттері турнирлік кестеде 11 ұпаймен алғашқы орынға көтерілді. 7 ұпайы бар шымкенттік клуб жетінші орынға сырғыды.
Біздің серіктес: FONBET