«Астана» өз алаңында «Ақжайықты» минималды есеппен жеңді

26.07.2021, 04:06
«Астана» бар күшті Грекиядағы ойынға сақтап отыр.
«Астана» өз алаңында «Ақжайықты» минималды есеппен жеңді

Қазақстан Кубогінің үшінші туры аясында "Астана" мен "Ақжайық" командалары өзара мықтыны анықтады. Кездесу "Астана Аренад" өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Матчтағы жалғыз гол бірінші тайм аяқталар тұста соғылды. 42-минутта Абат Айымбетов көзге түсіп, командасына үш ұпай сыйлады.

Елордалық клуб бұл ойыннан кейін 7 ұпаймен С тобында алғашқы орынға шықты. "Ақжайық" 4 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×