Алексей Березуцкий: «Стандарттық жағдайларға Бабаян жауап береді»

26.07.2021, 12:06
Мәскеулік клуб Ресей чемпионатының алғашқы турында минималды есеппен жеңіске жетті.
Алексей Березуцкий: «Стандарттық жағдайларға Бабаян жауап береді»

ЦСКА-ның бас бапкері Алексей Березуцкий "Уфамен" болған ойын (1:0) туралы пікір білдірді:

"Влашич кеше жаттығу кезінде жеңіл жарақат алды, сондықтан ол ойнай алмады. Менің ойымша, ол келесі матчқа толығымен дайын болады;

Жақсы "стандарттар" - бұл Бабаянның жұмысы. Оған біздің сарапшылар көмектеседі. Бірақ тағы бір айта кететін жайт, команда ойыншыларының орташа бойы өткен маусыммен салыстырғанда жоғарылады", - деді ЦСКА бас бапкері.

Ресей Премьер-лигасының алғашқы турындағы ойынға отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов қатыспады. Ол қослқы құрамда қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×