Қазақстан чемпионатында канадалық футболшы өнер көрсетпек

26.07.2021, 13:18
Бұл Қазақстанда ойнайтын алғашқы канадалық футболшы емес екен.
Қазақстан чемпионатында канадалық футболшы өнер көрсетпек

Қарағандылық "Шахтер" 22 жастағы шабуылшы Арамис Кузинмен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.

Украинадан шыққан канадалық ойыншы футболдағы алғашқы қадамын АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің командасында бастады. Содан кейін ол киевтік "Оболонь" клубына ауысты. Сондай-ақ "Днепр-1" және даниялық "Ольборг" клубтарында ойнады. Арамис шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.

Кузин Қазақстан Премьер-лигасындағы екінші канадалық футболшы болады. Біріншісі - "Оқжетпестің" экс-ойыншысы Джозеф Ди Кьяра, ол 2015 жылы көкшетаулық клубтың намысын қорғаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×