Беларуссиялық "Рух" клубының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев елордалық "Астанаға" ауысуы мүмкін.
Аты аталған клуб 23 жастағы футболшымен байланысқа шықты, бірақ Васильев ҚПЛ-ге қайта оралуға дайын емес. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы мансабын Еуропада жалғастырғысы келеді.
Васильев "Динамо Брестке" тиесілі, ол командамен былтыр Беларуссия чемпионы болды, бірақ осы маусымда ол "Рух" командасында жалдау келісімшартымен ойнап жүр. Және жаңа командасы үшін сегіз гол соқты, жеті нәтижелі пас берді.
Футболшы Қазақстан құрамасындағы дебютін Беларуссиямен болған матчта жасады. Жартылай қорғаушы коронавирустық сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты қарашада Черногория, Албания және Литваға қарсы ойындарға шақыртылмады.
Біздің серіктес: FONBET