«Астана» Қазақстан құрамасының үш ойыншысын командада қалдырғысы келеді

24.01.2021, 03:44
Үш ойыншының да клубпен келісімшарты аяқталған екен.
«Астана» Қазақстан құрамасының үш ойыншысын командада қалдырғысы келеді

18 қаңтарда басталған "Астананың" оқу-жаттығу жиынына Қазақстан құрамасының ойыншылары Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының экс-ойыншысы Дидар Жалмұқан қатысуда.

Футболшылардың елордалық клубпен келісімшарттары аяқталған, бірақ "Астана" үш ойыншыны да командада сақтап қалғысы келеді.

Абзал Бейсебеков "Астана" сапында 215 матч өткізіп, 5 гол соқты. Ол сондай-ақ польшалық "Корона" клубында ойнап үлгерді (4 матч, 1 гол).

Юрий Логвиненко "Астана" сапында 2016 жылдан бері ойнайды. Содан бері қорғаушы елордалық клубта төрт рет Қазақстан чемпионы атанды. Ол екі рет еліміздің ең үздік қорғаушысы деп танылды.

Дидар Жалмұқан елордалық клубта 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 24 жастағы футболшы 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×