Марк Гурман «Астана» сапында қаралымнан өтуде

24.01.2021, 03:29
Гурман жолдастық кездесуде гол соғып үлгерді.
Марк Гурман «Астана» сапында қаралымнан өтуде

Қызылордалық "Қайсардың" 31 жастағы жартылай қорғаушысы Марк Гурман елордалық клубта қаралымнан өтуде.

Футболшы бірнеше күн бойы командамен бірге жаттығып, тіпті қарағандылық "Шахтерге" қарсы жолдастық кездесуде бой көрсетті. Матч тең есеппен аяқталды - 1:1, елордалық клуб сапындағы жалғыз голды да дәл осы Гурман соқты.

Гурман өткен маусымда "Қайсар" жейдесінде 17 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Ал оның командасы Премьер-лигада жетінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×