Григорий Бабаян ЦСКА клубында тәжірибе жинауда

24.01.2021, 03:10
Бабаянның «Тобылмен» келісімшарты өткен жылдың соңында аяқталған.
Григорий Бабаян ЦСКА клубында тәжірибе жинауда

40 жастағы қазақстандық маман Григорий Бабаян ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренконың қол астында тәжірибе жинауда, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тобылдың" бас бапкері мәскеулік клубтың маусымаралық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан Испанияға бір апта бұрын барған болатын. Тәжірибе жұмысынан кейін Бабаян қостанайлық клубпен жұмыс жасауын жалғастырады.

Григорий Бабаян дәл қазір облыс әкімімен тікелей байланыс жасауда. Егер аймақ басшысы өз орнын сақтап қалса, бас бапкер "Тобылмен" келісімшартын ұзартады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда оның басшылығымен "Тобыл" ҚПЛ-де екінші орынды иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×