Қарағандылық "Шахтер" Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында елордалық "Астанамен" кездесті. Матч Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өтіп, 0:2 есебімен "Астананың" пайдасына аяқталды.
Ойынның 18-минутында Жарко Томашевич Марин Томасовтың бұрыштамадан асырған пасын голға айналдырды. Ал 73-минутта Тигран Барсегян есепті еселеді.
Осылайша "Астана" турнирдің финалына жолдама алды. Финалдық ойын 6 наурыз күні өтеді. "Астананың" қарсыласы "Тобыл" - "Қайрат" матчының жеңімпазы болмақ. Ал "Шахтер" 5 наурыз күні үшінші орын үшін таласады.
Біздің серіктес: FONBET