"Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС командасына есе жіберді. "Астана Аренада" өткен матч 3:4 есебімен аяқталды.
Ойынның небәрі 4-минутында Тигран Барсегян Марин Томасовтың оң қапталдан асырған пасын сәтті пвйдаланып, есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Абат Айымбетов баспен гол соқты. Екінші таймда алаңға шыққан КуПС шабуылшысы Рангел 53-минутта есеп айырмасын қысқартты. Бірақ бес минутта кейін Барсегян алыстан тамаша соққы жасап, командасының үшінші голын соқты. Қонақтар шабуыл жасауын тоқтатпады. Ойынның 61 және 75-минутында сол Рангел көзге түсті. Ал 77-минутта Икауниек жеңіс голын соғып кетті.
Қос матчтың қорытындысы бойынша 4:5 есебімен жеңілген Андрей Тихонов шәкірттері Конференция лигасындағы жорығын аяқтады. Ал финляндиялық клуб плей-офф кезеңінде берлиндік "Унион" командасымен күш сынасады.
Біздің серіктес: FONBET