«Астана» «Қызыл-Жарды» еш қиындықсыз жеңді

18.04.2021, 23:38
«Астанаға» үш ұпай еншілеу үшін екі минут жеткілікті болды.
«Астана» «Қызыл-Жарды» еш қиындықсыз жеңді

Елордалық "Астана" Премьер-лиганың алтыншы туры аясында петропавлдық "Қызыл-Жар" клубымен кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

"Астана" ойын бастала салысымен есеп ашты. 4-минутта Абзал Бейсебековтің алыстан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Ал "Қызыл-Жар" 40-минутта бұл голға жауап қатты. Әлібек Қасым нәтижелі соққымен көзге түсті. Бірақ "Астанаға" үш ұпай еншілеу үшін екі минут жеткілікті болды. 65-минутта Марин Томасов өз стилінде гол соқса, екі минуттан соң Макс Эбонг Тигран Барсегянның пасын ұтымды пайдаланып, матчтың нүктесін қойды.

Андрей Тихонов шәкірттері бұл жеңістен кейін 14 ұпаймен турнирлік кестедегі алғашқы орнын сақтап қалды. "Қызыл-Жар" жеті ұпаймен жетінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×