Педро Эуженионың соққан голы «Таразға» жеңіс сыйлады

18.04.2021, 22:07
Эуженио осы маусымдағы төртінші голын соқты.
Педро Эуженионың соққан голы «Таразға» жеңіс сыйлады

Жамбылдық "Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында оралдық "Ақжайық" клубын қабылдады. Кездесу Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның бірінші таймында гол көре алмадық. Ал екінші тайм бастала салысымен "Тараз" шабуылшысы Педро Эуженио есеп ашты. Матчтың соңына дейін қос командада да гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

"Тараз" бұл ойыннан кейін 14 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. 6 ұпайы бар "Ақжайық" сегізінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×