«Астананың» жаттықтырушылар штабы қысқы трансферлік кезеңде команданы мықты ойыншылармен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Тень отца Гурмана» телеграм-арнасы хабарлады.
Ресейлік маман Андрей Тихонов отандастары Юрий Лодыгин мен Александр Беленовке қызығушылық танытып отыр.
Юрий Лодыгин өткен жылдың тамыз айынан бері командасыз жүр. Ал Александр Беленовтің «Уфамен» келісімшарты бар. Оның трансфер нарығындағы құны 1,5 миллион еуроны құрайды.
Екі қақпашы да мансабын Қазақстанда жалғастыруға қарсы емес. Алайда әзірге «Астананың» оларға қомақты қаржы төлеп, үлкен жалақы беруге жағдайы жоқ.
Біздің серіктес: FONBET