«Астана» сенімді түрде жеңіске жетті

20.03.2021, 01:13
Жарақат алды деген Томасов пенальтиден гол соқты.
«Астана» сенімді түрде жеңіске жетті

Елордалық "Астана" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында "Каспийді" қабылдады. "Астана Аренада" өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 17-минутында Макс Эбонг есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Марин Томасов пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.

Осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген Тихонов шәкірттері турнирлік кестеде 4 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 1 ғана ұпайы бар ақтаулық клуб жетінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×