Еуропа Лигасының ширек финалына арналған жеребе нәтижелері белгілі болды

19.03.2021, 23:06
Ширек финалдық ойындар 8-15 сәуір аралығында өтеді.
Еуропа Лигасының ширек финалына арналған жеребе нәтижелері белгілі болды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа Лигасының ширек финалы мен жартылай финалына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе нәтижелері төмендегідей:

1)"Гранада" - "Манчестер Юнайтед"

2)"Арсенал" - "Славия Прага"

3)"Аякс" - "Рома"

4)"Динамо Загреб" - "Вильярреал"

Бірінші жұптың жеңімпазы жартылай финалда үшінші жұптың жеңімпазымен ойнайды. Ал екінші жұптың жеңімпазы төртінші жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Еуропа Лигасының ширек финалдық ойындары сәуір айында өтеді. Алғашқы ойындар 8, ал қарымта матчтар 15 сәуір күндері өтеді.

Жартылай финалдық матчтар 29 сәуір мен 6 мамырда өтеді. Финал 26 мамырға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×