«Қайрат» «Қайсарды» еш қиындықсыз жеңді

19.03.2021, 22:54
Ел чемпиондары турнирлік кестеде көш бастады.
«Қайрат» «Қайсарды» еш қиындықсыз жеңді

Қызылордалық "Қайсар" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында ел чемпиондары "Қайратпен" кездесті. Ғани Мұратбаев стадионында өткен матчта алматылық клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Вагнер Лав есеп ашты. Ал 62-минутта Камо Оганесян есепті еселеді. 77-минутта "Қайраттың" жас таланты Данияр Үсенов Премьер-лигадағы дебюттік голын соғып, ойынның нүктесін қойды.

Үш ұпайға еш қиындықсыз қол жеткізген Шпилевский шәкірттері 6 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастады. Ал "Қайсар" екі матчта да жеңіліске ұшырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×