Чемпиондар Лигасының ширек финалына арналған жеребе нәтижелері белгілі болды

Ширек финалдық ойындар 6-14 сәуір аралығында өтеді.

Чемпиондар Лигасының ширек финалына арналған жеребе нәтижелері белгілі болды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасының ширек финалы мен жартылай финалына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе нәтижелері төмендегідей:

1)"Манчестер Сити" - "Боруссия Дортмунд"

2)"Порту" - "Челси"

3)"Бавария" - ПСЖ

4)"Реал Мадрид" - "Ливерпуль"

Бірінші кездесудің жеңімпазы жартылай финалда үшінші кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Ал екінші жұптың жеңімпазы төртінші жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Чемпиондар Лигасының ширек финалдық ойындары сәуір айында өтеді. Алғашқы ойындар 6 және 7, ал қарымта матчтар 13 және 14 сәуір күндері өтеді.

Еуропадағы ең мықты клубтық турнирдің бірінші жартылай финалы 26 және 27 сәуірде, ал жауапты матчтар 4 және 5 мамырда өтеді. Стамбулда өтетін финал 29 мамырға жоспарланған.

0 пікір