«Астана» соңғы жиынға аттанды

16.02.2012, 02:39
«Астана» соңғы жиынға аттанды
Өткен жиындар секілді бұл жиын да Түркияның Анталья қаласында өтеді. Бұрынғы жиындармен салыстырғанда "Астана" құрамы аса өзгермеген. Олег Протасовтың бастауымен жаңа маусымға мына жігіттер дайындалады: Қақпашылар: Алексей Белкин, Ненад Эрич, Денис Овсянников. Қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров, Марк Гурман, Михаил Рожков, Қайрат Нұрдәулетов, Дамир Даутов, Евгений Горячий, Виктор Дмитренко. Жартылай қорғаушылар: Таңат Нөсербаев, Ұлан Қонысбаев, Марат Шахметов, Пірәлы Әлиев, Душан Петрониевич, Исламбек Қуат. Шабуылшылар: Сергей Гридин, Сергей Остапенко, Абзал Бейсебеков, Денис Прокопенко. Командаға легионерлер Эмил Дикэ мен Неманья Милисавльевичтің келу мәселесі әлі шешілген жоқ. Бәлкім, Анталиядағы жиынға бұлардан бөлек легионерлер де келіп, "Астанамен" келісімшартқа отыруы мүмкін. Сондай-ақ, негізгі құрамға, оның жолдастық  кездесулеріне дубльдік құрамның ойыншыларын тарту мәселесі де әлі қарастырылуда. Айта кетейік, дубльдік құрам да соңғы жиынын Антальяда өткізбек. Ал жиын кезіндегі жолдастық кездесулерде дубльдегі жігіттердің командаға қосылу-қосылмауы 22 ақпаннан кейін белгілі болады. Өйткені, ұлттық құраманың жиынына "Астананың" 10 футболшысы шақырту алып отыр. Бұл жиын 14 ақпаннан наурыздың 1-іне дейін созылады. fca.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×