«Шахтер» дайындығын Астанада жалғастырады

16.02.2012, 02:38
«Шахтер» дайындығын Астанада жалғастырады
Қарағандының "Шахтері" Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтап келеді. 14 ақпанға Украинаның "Шахтеріне" қарсы жолдастық кездесу жоспарланған. 15 ақпанда команда футболшылары үйлеріне қайтады да, соңғы жаттығу жиынын өткізу үшін ақпанның 20-сында қайта жиналады. Бұл жиын Астанада өтпек. Айта кетейік, елордамызда наурыздың 6-сы күні Қазақстан суперкубогі өтеді. Бұл жүлдеге ел чемпионы "Шахтер" мен Шымкенттің "Ордабасы" клубы таласады. Автор: Думан Балықбаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×