FIFPro жүргізген "зерттеуге" байланысты ҚФФ-тың түсініктемесі

16.02.2012, 02:37
FIFPro жүргізген "зерттеуге" байланысты ҚФФ-тың түсініктемесі
Біз FIFPro сайтында жарияланған "зерттеу"-сымақ жарияланым мен БАҚ-тарда жарияланған материалдармен мұқият танысып шықтық. Осыған байланысты біз бұл тұрғыдағы ойымызды қалың көпшілікпен бөліссек деп едік. Қазақстанда зерттеу жүргізу жайында ҚФФ-ның хатшылығына да, жауапты тұлғаларына да факстарына немесе электрондық почталарына FIFPro-дан бірде-бір ресми хат келген жоқ. Яғни, әлбетте, бұдан шығатын қорытынды — клубтарда зерттеу жүргізуге ҚФФФ ешқандай да тиым салып, тіпті "зерттеушілерге" нұсқау да бермеген. Барлық көрсетілген ақпараттар автордың ойдан шығарған дүниесі. Зерртеуге қатысқандардың санына, тіпті зерттеудің өзіне де біздің күмәніміз бар. Өйткені, футболшының кез-келген құқығының бұзылуын, келісімшартта көрсетілген міндеттемелерінің дұрыс орындалмауын ҚФФ-тың арнайы органдары қалт жібермей қарап, кінәлілерді анықтайтынын ойыншылар да, олардың ресми өкілдері де (агенттері) жақсы біледі. Мәселен, жалақының төленбеуімен еңбек даулары тұрғысындағы шешімдерді Дауларды шешу палатасының ашық, әрі көпшілікке қолжетімді түрде ҚФФ-тың ресми сайтында жариялап отырғанынан өздеріңіз де хабардарсыздар. Автордың жемқорлық, күштеп көндіру фактері, келісілген ойындар, тағы басқаларды бұлтартпас дәлел ретінде қолданғаны таңғалдырды. Сондай-ақ, автордың заңгерлік білімсіздігі де қайран қалдырды. Олай дейтініміз, әлгіндей тезистер тек тиісті сот органдарының шешімдерінен кейін ғана факт ретінде саналады. "Зерттеудің" жасырын жүргізілуінің өзі жоқ нәрсеге сендіруге, ғайбаттылыққа, бос сөздерге мүмкіндік ашып отырғандай. Сондықтан, ресми түрде мәлімдейміз — "зерттеу" материалдарында ҚФФ беделін түсіретін, негізінен ойдан шығарылған дәлелденбеген ақпараттар бар. Біз дәлелденбеген және ойдан шығарылған ақпараттардың ашық түрде жарияланғанына байланысты FIFPro-ға хат жібердік. Мұндай зерттеулер аталмыш ұйымның беделіне, қызметкерлерінің біліктілігіне күмән тудырып, нұқсан келтіреді. Құрметпен, Измаил Бзаров, Қазақстан футбол федерациясы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×