"Астана" мен Кипр құрамасының 28 жастағы шабуылшысы Пиерос Сотириу мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.
РПЛ-дің турнирлік кестесінде 14-ші орында тұрған "Арсенал Тула" Сотириуге қызығушылық танытты. Дереккөздің хабарлауынша, аталған клуб бүкіл чемпионат бойы шабуыл шебіне байланысты қиындықтарға тап болды.
"Арсенал" қысқы үзіліске дейінгі соңғы бес ойында бірде-бір гол соққан жоқ. Егер трансфер жүзеге асса, Сотириу клуб тарихындағы алғашқы кипрлік футболшы атанады.
Өткен маусымда Пиерос Сотириу Премьер-лигада 15 кездесу өткізіп, 6 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET