Сұлтан Сағнаев пен Мейрамбек Қалмырза «Астана» клубында өнер көрсетуін жалғастыра бермек. «Астананың» қос ойыншысы жаңа келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.
Сұлтан мен Мейрамбек «Астана» футбол орталығының түлектері болып табылады. «Астана» сапында Сұлтан Сағнаев 2016 жылы дебют жасаса, Қалмырза 2020 жылдан бері негізгі командаға тартылып жүр.
Айта кетейік, Сұлтан Сағнаев Қазақстан жастар құрамасына үнемі шақыртылады және команданың капитаны болып тағайындалған.
Біздің серіктес: FONBET