Лоренцо Инсинье канадалық клубқа ауыспақ

01.01.2022, 15:32
Канадалық клуб футболшыға жоғары жалақы ұсынды.
Лоренцо Инсинье канадалық клубқа ауыспақ

«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Лоренцо Инсинье «Торонтомен» келісім-шартқа отырмақ. Бұл туралы Corriere dello Sport басылымы хабарлады.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, италиялық футболшының «Торонтодағы» жылдық жалақысы 15 миллион еуроны құрамақ. Ол канадалық клубқа 2022 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылатын болады. Бұған дейін «Ториноның» шабуылшысы Андреа Белоттидің де «Торонтоға» ауысуы мүмкін екені хабарланған еді.

30 жастағы Инсинье италиялық клубпен келісім-шартын ұзартпайтын болды. Футболшы жылына 5 миллион еуро алғысы келеді, бірақ «Наполи» оған 3,5 миллион еуро ұсынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×