"Астана" клубының шабуылшысы Тигран Барсегян жақын арада командадан кетеді.
Елордалық клубқа футболшының трансфері туралы ресми ұсыныс түсті. Барсегянға "Қайраттың" бұрынғы жаттықтырушысы Владимир Вайсс жаттықтыратын словакиялық "Слован" клубы қызығушылық танытуда.
Аталмыш команда Барсегянға бір айдан бері көз тігіп жүрген еді. Енді екі тарап ойыншының трансферлік құны туралы келісімге келді. Нәтижесінде "Астана" Барсегянды тегін жібермей, словакиялық клубтан белгілі бір мөлшерде ақша алады.
Біздің серіктес: FONBET