«Астана» Томасов соққан қос голдың арқасында жеңіске жетті

19.06.2021, 02:52
Хорватиялық футболшы үздік сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастады.
«Астана» Томасов соққан қос голдың арқасында жеңіске жетті

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы турында "Астанамен" кездесті. Ойын Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 0:2 есебімен елордалық клуб жеңіске жетті.

Матчтың небәрі 4-минутында Марин Томасов сол қапталдан айып алаңына дейін келіп, алыс бұрышты дәл көздеді. Ал 35-минутта Исламбек Қуат "Атырау" футболшысының қателігін пайдаланып, Томасовқа пас берді, ал Марин тағы да алыс бұрышқа тамаша соққы бағыттап, ойынның нүктесін қойды.

Андрей Тихонов шәкірттері бұл жеңістен кейін 38 ұпаймен көш басында қала берді. "Атырау" 21 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×