«Астана» УЕФА шешімiне қатысты мәлімдеме жасады

04.12.2021, 23:05
Елордалық клуб УЕФА тек айыппұл салды деп отыр.
«Астана» УЕФА шешімiне қатысты мәлімдеме жасады

«Астана» Sports.ru Қазақстан сайтына УЕФА-ның айыппұл салуы және Еурокубоктен шеттетуі туралы БАҚ-та тараған соңғы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Егер УЕФА сайтындағы мәлімдемені мұқият оқысаңыз, онда клубқа 150 мың еуро көлемінде айыппұл салынғаны жазылған.

Мәлімдемеде «Астананың» еурокубок жарыстарынан шеттетілгені айтылмаған, УЕФА біздің клубқа қарсы мұндай санкциялар қолданбаған», - деп түсіндірді клубтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×