Тиаго Силва «Челси» клубының рекордын жаңартты

05.12.2021, 04:26
Қорғаушының баспен соққан голы командасының жеңіске жетуі үшін жеткіліксіз болды.
Тиаго Силва «Челси» клубының рекордын жаңартты

Англия Премьер-лигасының 15-ші турында «Челси» сырт алаңда «Вест Хэмнен» 2:3 есебімен жеңілді.

Есепті «Челсидің» қорғаушысы Тиаго Силва ашты. Бұрыштамадан асырылған пасты сәтті пайдаланған бразилиялық қорғаушы «Челси» үшін Премьер-лигада гол соққан ең егде жастағы ойыншы атанды (37 жас 73 күн).

Осылайша, Силва клубтың аңыз футболшысы Дидье Дрогбаның (37 жас 49 күн) 2015 жылы «Лестерге» қарсы ойында орнатқан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, Тиаго осы маусымда Премьер-лигада 12 ойын өткізіп, екі гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×