«Барселонаның» жас футболшысы «Бетиспен» болған ойында есінен танып қалды

05.12.2021, 16:28
Футболшы бірден ауруханаға жеткізілген екен.
«Барселонаның» жас футболшысы «Бетиспен» болған ойында есінен танып қалды

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Гави Испания чемпионатының 16-турында «Бетиспен» болған ойынның (0:1) бірінші таймында есінен танып қалды.

17 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы дереу ауруханаға жеткізілді. Футболшы өзін жақсы сезінгендіктен, көп ұзамай емдеу мекемесінен шығарылған екен.

Осы маусымда Гави Ла Лиганың 12 ойынына қатысып, бір нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушының келісім-шарты 2023 жылы аяқталады.

«Барселона» испаниялық маман Хавьер Эрнандестің (Хави) жетекшілігімен алғашқы жеңілісіне ұшырады. Келесі турда каталониялық клуб сырт алаңда «Осасунамен» кездеседі. Сондай-ақ келесі аптада Чемпиондар лигасының соңғы турында «Баварияға» қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×