Астана УЕФА Суперкубогы мен әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын өткізуге өтінім берді
04.02.2017, 21:09
Астана УЕФА Суперкубогы мен әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын өткізуге өтінім берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қаңтар күні 2018-2019 жылдар маусымында еуропалық турнирлер финалын өткізуге өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды.
Баку, Тбилиси, Франкфурт, Штутгарт, Глазго, Севилья және Ыстанбұл сынды алып шаһарлар Еуропа лигасының финалын өткізу үшін таласқа түсіп жатыр.
УЕФА Суперкубогын өткізу үшін Тирана, Тулуза, Будапешт, Хайфа, Астана, Белфаст, Гданьск, Варшава, Глазго, Ыстанбұл қалалары таласқа түседі.
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын өткізу үшін Прага, Будапешт, Астана, Каунас, Глазго және Мадрид қалалары таласады.
УЕФА атқарушы комитеті жеңімпаздарды қыркүйек айында таңдайды.