«Астана» жалда жүрген футболшыларын қайтарып алды

22.01.2021, 04:08
Бас бапкер жас футболшыларды сынап көреміз деп мәлімдеген болатын.
«Астана» жалда жүрген футболшыларын қайтарып алды

Өткен маусымда қазақстандық клубтарда доп тепкен "Астана" футболшылары өз клубтарына қайта оралды.

Нұр-Сұлтан қаласында басталған жиында негізгі құрамда жұмыс істеуге Бірінші және Премьер-Лигадағы клубтарда өнер көрсеткен бірқатар футболшылар қосылды.

Команда құрамын 20 жасар қақпашы Владислав Саенко ("Ақжайық"), қоғаушылар Талғат Кусяпов ("Оқжетпес"), Сағи Совет ("Арыс"), жартылай қорғаушылар Лев Скворцов, Жасұлан Каиркенов ("Атырау") және шабуылшы Владислав Прокопенко ("Ақтөбе") толықтырды.

Сондай-ақ командаға клубпен жасасқан қолданыстағы келісімшарты бар, бірақ соңғы жылдары Бірінші Лиганың клубында жалдамалы ойыншы ретінде өнер көрсетіп жүрген, 2020 жылғы маусымға жарақатына байланысты қатыспаған 22 жасар қақпашы Даниил Подымский де қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×