«Қайрат» пен «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

22.01.2021, 03:40
Ойындар келесі айға жоспарланған.
«Қайрат» пен «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Ньонда футзал бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды.

Нәтижесінде "Қайрат" келесі кезеңде румыниялық "Юнайтед Галац" командасымен, ал "Ақтөбе" Словенияның "Добовец" клубымен ойнайды.

Ойындар 16-21 ақпан аралығында өтеді. Матчтың үздігі бір матчтың нәтижесі бойынша анықталады. Жеңімпаздар 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Минск қаласында өтетін финалдық турнирге жолдама алады.

1/8 финалдың барлық жұптары:

"Интер" (Испания) - "Херсон" (Украина);

"Ақтөбе" (Қазақстан) - "Добовец" (Словения);

"Қайрат" (Қазақстан) - "Юнайтед Галац" (Румыния);

"Олмиссум" (Хорватия) - КПРФ (Ресей);

"Бенфика" (Португалия) - Береттьоуйфалу" (Венгрия);

"Югра" (Ресей) - "Витис" (Литва);

"Барселона" (Испания, чемпион) - "Аньер-Вильнев" (Франция);

"Спортинг" (Португалия) - "Хрудим" (Чехия).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×